Мерекелік іс-шаралар                                                                                                                          

Балабақшада тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды сіңіру және көңілді орта қалыптастыру мақсатында түрлі мерекелік іс-шаралар тұрақты өткізіледі:                                                                                                                                                                        1. «Қош келдің, Наурыз!» 

Ұлттық киім киіп, ән-күй, би, салт-дәстүр көріністері арқылы қазақ халқының мәдениетін насихаттау.

2. «Балалар күні – шаттық күні» 

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай түрлі ойындар, концерт, флешмобтар ұйымдастырылады.

3. «Алтын күз» мерекесі 

Күздің берекесі мен байлығын дәріптейтін көрме, ертегілік қойылымдар және көркем өнер байқаулары.

4. «Жаңа жыл – ғажайыптар мерекесі» 

Аяз Ата мен Ақшақар қатысатын мерекелік концерт, сыйлықтар және шырша айналасындағы ойындар.

5. «Қоштасу балабақшамен» 

Түлектерге арналған салтанатты іс-шара – өлең, би, алғыс хаттар мен естелік сәттер.

Ашық бюджет

«Өркен-1» және «Өркен-2» бөбекжай-бақшаларында қаржылық ашықтық пен есептілік қағидаттары сақталады.

Бюджеттік қаражаттар:

— Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бөлінеді 

— Мақсатты жұмсалу бағыттары: тамақтандыру, коммуналдық қызмет, жөндеу жұмыстары, жалақы, оқыту 

— Жылдық қаржылық есептер мен шығын құрылымы электронды түрде жарияланады

Барлық ақпарат www.gosreestr.kz және www.goszakup.gov.kz порталдары арқылы да қолжетімді.

Прокрутить вверх