КМҚК «Өркен» бөбекжай бақшасы-Құлсары қаласындағы мектепке дейінгі білім беру мекемесі екі ғимарат «Өркен»1-200 орындық, «Өркен»2-290 балаға арналған.Қазақ орыс тілінде білім тәрбие береді. 2018 жылы «Теңізшевройл»компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында салынған замануи балабақшалардың бірі.
Балабақша өз жұмысында ҚР мектепке дейіні тәрбие мен оқыту стандартына сүйене отырып, баланың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды сіңіруге, шығармашылығын оятуға бағытталған тәрбиелік орта қалыптастырады.
Біздің мақсатымыз:
— Баланың жас ерекшелігіне сай дамуына жағдай жасау
— Қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастыру
— Ата-анамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу
— Қазіргі заманға сай педагогикалық технологияларды енгізу
Біздің ұранымыз:
«Бала – болашақ, балаға сапалы тәрбие – жарқын ертең!»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Мекеме атауы: «Өркен-» бөбекжай-бақшасы
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал және ашық жұмыс жүргізу қағидаларын енгіз
1. Жалпы талаптар:
— Мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтықты сақтау
— Тәрбиеленушілер мен ата-аналарға тең жағдай жасау
— Тәртіп пен заң талаптарын сақтау
— Қызмет барысында жеке мүддені емес, қоғамдық мүддені басшылыққа алу
2. Қызметкерлердің мінез-құлық нормалары:
— Сыйақы, сыйлық немесе басқа да материалдық құндылықтарды талап етуге және алуға тыйым салынады
— Қызметтік міндетін адал, әділ, бейтарап атқаруы тиіс
— Ата-аналар мен әріптестерге дөрекілік танытпау
— Ақпараттың құпиялығын сақтау
3. Ата-аналармен өзара әрекет:
— Барлық сұрақтар бойынша ресми, заңға сай жауап беру
— Қосымша төлемдер мен «еріксіз жиналымдарға» жол бермеу
— Қызмет көрсету – тек мемлекеттік стандарт аясында
4. Жауапкершілік:
Осы стандарт талаптары бұзылған жағдайда жауапты тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.