«Өркен» бөбекжай-бақшасында оқу-тәрбие жұмысы ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Басты бағыттар:
— Танымдық даму
— Коммуникативтік тіл дамыту
— Қозғалыс белсенділігі (Дене шынықтыру)
— Әлеуметтік-эмоционалдық дағды
— Шығармашылық (музыка, сурет, қолөнер)
Оқу-тәрбие процесі ойын арқылы жүргізіледі. Баланың жеке қабілетін, қызығушылығын ескере отырып, жас ерекшелігіне сай топтық жоспар құрылады.
Қосымша жұмыстар:
— Мерекелік іс-шаралар
— Ашық сабақтар
— Педагогикалық кеңестер
— Ата-анамен бірлескен жұмыстар
— Логопед, психолог, дефектолог қызметтері (қажет жағдайда)
Тәрбиешілер мен мамандар жаңартылған бағдарламалар негізінде, заманауи әдістерді (интерактивті әдіс, ойын технологиясы, STEAM элементтері) қолдана отырып жұмыс істейді.